Елордада Арқарлы және Ойыл көшелері ішінара жабылады

Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп, Арқарлы және Ойыл көшелерінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

19 мамыр мен 7 маусым аралығында жөндеу жұмыстарына байланысты Чехоев көшесінен Көксеңгір көшесіне дейінгі учаскеде Арқарлы көшесі бойынша, сондай-ақ Арқарлы көшесінен қоғамдық көлікке арналған бұрылу алаңына дейінгі учаскеде Ойыл көшесі бойынша автокөлік үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.