Алматыда Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда 21 мамыр күні сағат 22:00-ден бастап 22 мамыр таңертеңгі 08:00-ге дейін Абай даңғылының солтүстік жағында Алтынсарин мен Саин көшелерінің аралығындағы арнайы жолақ бойынша қозғалыс жабылады.

Қозғалыстың шектелуі көшенің бойымен өтетін жер асты магистральды құбырын ауыстыру жұмыстарымен байланысты, деп хабарлады inalmaty.kz «Алматы жылу желілері» ЖШС-ге сілтеме жасап.