Маусым айынан бастап төрт коммерциялық пойыз іске қосылады

Жазғы маусым қарсаңында халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» вагондарынан құралған төрт коммерциялық пойызды іске қосады.

2021 жылдың 1 маусымынан бастап:

1) «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойыз күн сайын Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтіледі;
2) «Алматы-2 – Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы №701/702 пойызы күн сайын қатынайды.

2 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол стансасынан «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» бағытындағы №95/96 пойызы Нұр-Сұлтан Нұрлы жолдан жұп сандар бойынша, ал Орал стансасынан тақ сандар бойынша жөнелтілетін болады.

3 маусымнан бастап «Алматы-2 – Түркістан» бағытындағы №71/72 пойыз Алматы-2 стансасынан тақ сандар бойынша, ал Түркістан стансасынан жұп сандар бойынша қатынайтын болады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты «105» анықтама қызметінен сұрастыруға болады.

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі