Ескерту: Елімізде демалыс күндері 38 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» синоптиктері 22-24 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте республиканың бүкіл аумағы жоғары атмосфералық қысым ықпалында болады. Сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Тек Шығыс Қазақстан облысында 22 мамыр күні аздаған жауын-шашын мен түнде қатқақ сақталады. Иран аудандарынан жылы және құрғақ ауа массалары белсенді жылжып, олармен бірге елімізде ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы, тіпті қатты ыстық күн райы күтіліп оты

24 мамыр күні күндіз термометр бағанасы 30-38 градус ыстықты көрсетеді, еліміздің оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық бөлігінде күн 25-35 градусқа дейін ысиды. Республиканың жекелеген аудандарында жел күшеюі ықтимал, ал оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл соғады.

Сондай-ақ...