426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада Ақбұлақ өзеніндегі көпірде жол жөндеу жұмыстары басталды

  • 292
  • UPD: 12:48, 21.05.2021
Елордада Ақбұлақ өзеніндегі көпірде жол жөндеу жұмыстары басталды newtimes.kz

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп «Ақбұлақ» көпірінде орташа жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 21-30 мамыры аралығында Қ.Мұңайтпасов көшесінен А. Янушкевич көшесіне дейінгі учаскедегі көпір көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы