427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Төлебаев көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды

  • 309
Төлебаев көшесіндегі учаске жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша жабылды Елорда әкімдігі

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп М.Төлебаев көшесінде жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 21 мамыры сағат 08:00-ден 22 мамыр сағат 06:00-ге дейін Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі М.Төлебаев көшесі көлік қозғалысы үшін толығымен жабылды.

«Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген басқарма хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы