Атырау облысында карантин күшейтілді

Қоғамдық тамақтану орындарының қызметі кешкі 20:00-ге дейін қысқартылды. Cенбі-жексенбі күндері жабық базарлар мен сауда орталықтары жұмыс істемейді.

Сондай-ақ «Ashyq» жобасына тіркелмеген спорт кешендері, фитнес орталықтар, жаттығу залдары, сұлулық салондары мен моншалар сенбі-жексенбіде жұмыс істей алмайды.

Қаулыға енгізілген өзгерістер дүйсенбіден бастап күшіне енеді.