Елордада Қаныш Сәтбаев көшесіндегі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі

«Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп Қаныш Сәтбаев көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жөндеу жұмыстарына байланысты осы жылдың 24 мамырынан 5 маусымына дейін Талғар көшесінен Обаған көшесіне дейінгі учаскеде ішінара көлік қозғалысы шектелетін болады.