Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады

«Қазгидромет» РМК 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында ыстық ауа райы сақталады. Елдің батысында 30 ... 39°С ыстық болады. Оңтүстікте 30-40 градус, шығыста 30-36 градус аптап болады.

Алайда 27 мамырдан бастап батыс және солтүстік аймақтарға Батыс Еуропа аудандарынан келетін антициклон әсер етеді. Батыс өңірлерде ауа температурасы 25-33 дейін, солтүстік өңірлерде 18-28 дейін төмендейді.