«Ashyq» жұрт ең көп қолданатын қосымшалардың ішіне кіріктіріледі

Соңғы күндері Ashyq мобильді қосымшасындағы ақаулар жүйенің мемлекет қарамағына өтуімен байланысты болды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Әсет Тұрысов хабарлады.

Айтуынша, енді жүйенің жұмысын «Ұлттық ақпараттық технологиялар» компаниясы қадағалайды. Жергілікті мамандар қосымшаны жүктеген барлық азаматтың жеке мәліметтері қауіпсіздігіне жауап береді.

Айта кетейік, жақында «Ашық» жүйесін тағы бірқатар платформа негізінде қолдануға болады. Әріптес компаниялар мобильді қосымшаны пайдаланудың ортақ талаптарын орындауға міндетті. Қазір министрлік тиісті келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бекболат Молдабеков, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің департамент директоры: 

- Біздің план бойынша бір ғана «Ашық» болмай, қазірден бастап «Айтудан» кірсеңіз болады. «Айтумен» ғана шектелмей, Каспи банк, Халық банк, азаматтарымыз ең жиі қолданатын қосымшаларда неғұрлым көп кіру жолдары болса, соғұрлым ыңғайлы болады деп ойлаймыз.