Елордада 30 градус ыстық алдағы күндері де жалғасады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы ыстық болады деп болжам жасады.

Елордада ауа температурасы 30 градустан жоғары деңгейде болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25-26 мамырда Қазақстан аумағында ауа райы ыстық болады. Оңтүстіктен жылы және құрғақ ауа келеді.

«Елдің батысында 30...39°С, тіпті солтүстік жартысында да термометр бағандары күндізгі уақытта сирек байқалатын 32...38°С көрсетеді. Республиканың оңтүстік және шығыс аумағы да ыстық болады, оңтүстікте 30...40°С, шығыста 30...36°С-қа жетеді. Алайда 27 мамырдан бастап Батыс, содан кейін солтүстік аймақтарға Батыс Еуропадан келетін антициклон әсер ете бастайды. Нәтижесінде батыс өңірлерде температураның 25...33°С-қа дейін, солтүстікте 18...28°С-қа дейін төмендейді», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Ертең, 26 мамырда елордада жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 18-20 градус, күндіз 34-36 градус жылы болады.

27 мамырда оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус жылы болады.