Найзағай, дауыл: бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

27 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.

Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Петропавл қ.: 27 мамырда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі.

27 мамырда Атырау облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

27 мамырда Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күші кей жерлерде 15-20 м/с

Ақтау қаласы бойынша күндіз 27 мамырда найзағай күтіледі.

27 мамырда Ақмола облысында кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Көкшетау қ.: 27 мамырда солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

27 мамырда Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, күндіз кей жерлерде 35°C қатты ыстық күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Орал қ.: 27 мамыр жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Күндіз 27 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

27 мамырда Қостанай облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Күндіз 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерінде қатты ыстық 35 градус, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20, күдіз екпіні 25 м/с.

Семей қ.: күндіз 27 мамырда қатты ыстық 35 градус күтіледі.

Күндіз 27 – түнде 28 мамырда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз 27 мамырда кей жерлерде дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 27 – тәуілік бойы 28 мамырда кей жерлерде күші 15-20, күндіз 27 мамырда екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз 27-28 мамырда кей жерлерде 35 градус қатты ыстық сақталады.

Жезқазған қ.: күндіз 27 мамырда найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с күтіледі, 35 градус қатты ыстық сақтылады.

Күндіз 27 мамырда Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады кей жерлерде 15-20 м/с. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.