427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

  • 278
  • UPD: 08:49, 29.05.2021
Бес облыста ауа райы туралы ескерту жарияланды

Ауа райын болжаушылар еліміздің бес облысында күн бұзылуы ықтимал екенін ескертеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады. Тіпті күн қызуы сынап бағанасында 38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Атырау облысында отыз бес градус шамасында. Құтқарушылар кейбір аймақтарда өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп, тұрғындарды мейлінше сақ болуға шақырады. Ақтөбе және Қарағанды облысында жел көтеріледі деп күтілуде. Елордада күндіз 28 градусқа дейін ысиды.

Хабар 24 телеарнасы