30 мамыр күні елордада қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады

«Жексенбі күні, 30 мамырда Нұр-Сұлтан қ. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

Маска тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа маскасыз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы» делінген CTS компаниясының фейсбук парақшасында.