Елордада тағы бір көше ішінара жабылады

Елордадағы Е 306 көшесінде жөндеу жүргізіледі.

Сарайшық көшесінен Сығанаққа дейінгі учаскеде Е 306 көшесіне жөндеу жүргізіледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты 31 мамырдан 15 маусымға дейін Төле би көшесінің қиылысындағы ЕК-32 көшесінде автокөлік қозғалысы ішінара жабылатын болады. Сондай-ақ мұнда жылу желілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілетін болады.