Лагерьде демалу үшін балалар ПТР-тест тапсыруы тиіс

Жазғы лагерьде демалу үшін балалар алдын ала ПТР-тест тапсыруы тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина хабарлады.

Лагерьдегі демалыс өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты ұйымдастырылады. Әр облыстағы бас санитарлық дәрігерлердің шешімімен демалыс орындары 30 немесе 50% процентке толтырылады.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі елде 13 мың балалар лагері бар екенін хабарлады. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан 500 мың оқушыны сауықтыру лагерьлеріне жіберу жоспарланған.