427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Найзағай, жел, бұршақ: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

  • 149
  • UPD: 09:58, 03.06.2021
Найзағай, жел, бұршақ: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгін еліміздің солтүстік, батыс және шығысында қатты жел соғып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әсіресе Түркістан, Атырау, Қарағанды өңірлерінде күн күрт бұзылып, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Маңғыстауда жауын селдетеді. Ал Алматы мен Павлодарда аптап ыстыққа байланысты өрт қаупі сейілмейді. Сондай-ақ бүгін Жамбыл және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл тұрады. Ал елордада күн ала бұлтты. Күндіз сынап бағанасы 27 градусқа дейін көтеріледі.

Хабар 24 телеарнасы