Елордада жексенбі күні автобустар жүрмейді

Жексенбі күні, яғни 6 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, елордада қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жексенбі күні қоғамдық көліктерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, қоғамдық көлікке бетпердесіз кіруге болмайды. Ал жол ақысы қолма-қол ақшасыз, көлік картасының көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы төленеді.