427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан мен Ташкент арасында жаңа халықаралық рейс ашылады

  • 194
  • UPD: 12:25, 03.06.2021
Түркістан мен Ташкент арасында жаңа халықаралық рейс ашылады

Өзбекстан Республикасы премьер-министрі Абдулла Ариповтың Қазақстанға сапары аясында ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.

Кездесу барысында 2021 жылғы 21 маусымнан бастап Қазақстанның Fly Arystan әуе компаниясының Түркістан – Ташкент бағытында аптасына 2 рейспен (аптаның 1 және 4 күндері) ұшатыны келісілді.  

«Рейстер екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық шараларын қатаң сақтай отырып орындалады. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай түркі әлемінің мәдени астанасы Түркістаннан ұшатын рейстер санын одан әрі арттыру жоспарланып отыр», - делінген ҚР ИИДМ баспасөз хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы