Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысында үсік жүреді

Қазгидромет 5-7 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Скандинавия аудандарынан суық антициклонның келуі республиканың солтүстік жартысында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Түнде 2-7 градусқа дейін жылы болады, кей жерлерде 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-20 градус жылы болады, ал оңтүстік жартысында биік жотаның және Түрікменстаннан келетін жылы ауа массаларының әсерінен құрғақ және ыстық ауа райы сақталады.