Жұмыс берушіге жеке мәлімет беру оңтайланады

Алдағы уақытта жұмыс берушіге қажет мәліметті беру үрдісі де оңтайлана түспек.

Яғни халыққа қызмет ету орталығынан анықтамаларды алдырмай, жұмыс беруші жеке тұлғаға қатысты ақпаратты мәліметтер қорынан тікелей ала алады. Ол үшін азаматтар тек смс арқылы ресми рұқсат берсе болғаны.

Цифрлық даму министрі келтіргендей, жұмысқа тұрушының жеке құжаттарын, анықтамаларды, еңбек өтіліне қатысты ақпарат пен өзге де мәліметті компьютердегі батырманы бір рет басып алуға болады. Сонымен бірге жауапкершілігі шектеулі серіктестігін жабу мерзімі үш айдан бір айға дейін қысқартылады. Бір ғана өтініш беру арқылы серіктестікті жұмысы тоқтатылған кәсіпорындардың тізіміне енгізілетін болады.