Саяжай бағытындағы №59 автобус дүйсенбі күндері қатынайды

«Көктем» СҮ» – «Қоянды саяжай алабы» бағытындағы №59 саяжай автобусы 7 маусымнан, яғни дүйсенбіден бастап қатынайтын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Дүйсенбі күндері қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынуына байланысты саяжай маршрутын Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес іске қосу туралы шешім қабылданды.

59 маршрутының әдеттегі кестесі қоғамдық көліктер жұмысы реттелгеннен кейін қалпына келеді.