Бірқатар өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

6 маусымда Маңғыстау облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. Ақтау қ: 6 маусымда түнде қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай күтіледі. Түнде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

6 маусымда Қарағанды облысында шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

6 маусымда Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, түнде және таңертең найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с сақталады. 6 маусымда күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: 6 маусымда таңертең және күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с күтіледі.

6 маусымда Атырау облысында кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Атырау қ.: 6 маусымда кей уақыта найзағай күтіледі

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, кей жерлерде 15-20 м/с.

6 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40-42 градус ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.  Түркістан қ: 6 маусымда шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қ: 6 маусымда шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.

6 маусымда Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы: күндіз 6 маусымда найзағай күтіледі. Талдықорған: 6 маусымда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с.

6 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.