Еліміздің солтүстігінде күн суытады

Кезекті антициклонның әсерінен күн суытады.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігі фронтальді бөліктердің ықпалында болады, жаңбыр жауады, 10 маусымда Қазақстанның орталығында және оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл сақталады. Кезекті солтүстік-батыс суық антициклоны еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасының түнде 3-8, кей жерлерде 12 градусқа дейін төмендеуіне алып келеді, күндіз 17-22, кей жерлерде 25 градус жылы болады. Елдің қалған аумағында температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.