Сүтті шоколад қалай пайда болған

Орталық және Оңтүстік Америка шоколадтың отаны болып саналады, ал еуропалықтар ұзақ уақыт бойы бұл сусынның бар екендігі туралы білмеген.

Иә, сусынның дәл өзін. Майя үндістері ұсақталған какао дәндерін сумен араластырып ішкен. Сусын ащы және салқын болған. Яғни қазіргі сұйық ыстық шоколадқа мүлдем ұқсамайды.

Шоколадтың дәмін татқан алғашқы еуропалық Эрнан Кортес 1519 жылы Америкаға барғанда оның қалай жасалатынын көріп, рецептін алған. Алайда какао бұршақтарын желкенді кемелермен Америкадан Еуропаға жеткізу қиын болғандықтан сусын елеусіз қалады. 

Кейін 1687 жылы табиғат зерттеушісі, ағылшын Ганс Слоан Ямайка жағасына келеді. Оның негізгі жұмысы медицина болғанмен, ағылшын бұған қоса өсімдіктердің, жануарлардың жаңа түрлерін және жергілікті тайпалардың мәдениетін зерттеумен айналысады. Сол сәтте ол какао бұршақтарынан дәм татып, дәстүрлі үнді сусынымен танысқан.

Ганс Слоан

 

Алайда ол бұл сусынның ащы және жүрек айнытатын қасиеті барын айтады. Дәмін жақсарту үшін ол ұнтақталған какао бұршағын сүтке араластырады. Алынған сусынның дәмі қазіргіден кем түспеген. Сонымен қатар Ханс сусынды ішер алдында жылытып отырған, бұл тәсіл оның дәмін одан артық жақсарта түскен. Осылайша Ганс Слоан өзімен бірге сүтті шоколадтың рецептін Англияға алып келеді, ал жергілікті тұрғындар бұл сусынды бірден ұнатқан.

Сүтті шоколад сұйық күйінде тұтыныла береді, тек 1827 жылы нидерландтық Конрад ван Гутен біз қазір жеп жүрген шоколадтың қатты түрін жасау әдісін табады.

Конрад ван Гутен

 

Ақпарат көзі: mydiscoveries.ru

Сондай-ақ...