Қарбызды қалай таңдаған дұрыс

Қарбызды таңдар кезінде мына кеңестердге құлақ түріңіз.

1. Қарбызды өз мезгілінде сатып алыңыз

Ең дәмді қарбыз тамыздың ортасынан қыркүйекке дейін сатылады. Алайда тамыздың басында, тіпті шілде айының соңында да піскен, дәмді қарбызды кездестіруе болады. Бұл айлардан ертерек сатып алынған қарбыз піспеген, піссе де қосымша зиянды заттармен егілуі мүмкін.

2. Қарбыздың сыртқы қабығына мән беріңіз

Жемістің қабығында жырық, жұмсарған жер болмауы тиіс. Сапалы қарбыздың сырты қатты және түсі жарқын болады.

3. Сары дақтары бар қарбызды табыңыз

Бұл кеңес жемісті таңдау кезінде ең маңызды болып табылады. Қарбыздағы сары дақ жемістің өздігінен піскенін, дәмді екенін көрсетеді. Және қоспа қосылмағанын білдіреді. Дақтың мөлшеріне назар аударыңыз: ол өте үлкен немесе тым кішкентай болмауы керек.

4. Қарбызды қолмен қағып көріңіз

Бұл жағдайда дыбыс қатты шығуы керек. Бұл жемістің «етті» екенін көрсетеді.

5. Қарбызды қысып көріңіз

Құлағыңызға жақындатып, бүйірінен қысыңыз. Немесе көлденең қойып, қысым жасаңыз. Сапалы қарбыз жарылуы керек.

6. Қарбыздың түбіне мән бермеңіз

Көптеген адам құрғақ түпті қарбыздың піскендігінің көрсеткіші деп санайды. Шындығында, олай емес. Қарбыздың түбі құрғақ та, жасыл да болады. Ол алыс қашықтыққа тасымалдау кезінде кеуіп кетуден болады.

Ақпарат көзі: lifehacker.ru

Аударған: Әжмұхан Баян