Еліміздің солтүстігінде күн салқындайды

Қазгидромет 10-12 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Баяу қозғалатын оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды, осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшеюі, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне кезекті суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді. Бұл аймақтарда термометр бағандары түнде 2-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыға дейін, оңтүстік бөлігінде 7-18 жылыға дейін, күндіз 22-35 жылыға дейін төмендейді. Батыс бөлігінде ауа температурасы түнде 15-23 жылыға, күндіз 25-37 жылыға дейін өзгереді.