425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кішкентай балалар ойлап тапқан үлкен туындылар

  • 99
  • UPD: 14:24, 09.06.2021
Кішкентай балалар ойлап тапқан үлкен туындылар Эксмо

Балалардың қиялында шек болмайды. Алайда күнделікті өмірде кездесетін кейбір таңғажайып заттарды балалар ойлап тапқан десе, сене бермейміз.

Кішкентай өнертапқыштар да таңқаларлық жаңалықтар жасай алатынына төмендегі ақпараттар дәлел.

Қар машинасы

Солтүстік Канада тұрғыны Джозеф-Арман Бомбардье қарда жүретін көлік ойлап тапқан.

Ол әкесінен туған күніне Форд көлігін сыйға алады. Көлік ескі болғандықтан, 17 жастағы Джозеф оны бөлшектеп тастайды.

Қосалқы бөлшектерден қар көлігін құрап шығарған ол уақыт өте келе ұшақтар мен басқа да техникаларды, соның ішінде қар көлігін шығаратын мамандандырылған компания құрады.

Батут

Батутты 16 жастағы америкалық гимнаст Джон Ниссен ойлап тапқан. Өнертапқыш туындысын шеберханада жинап, тапсырыс түскен мектептерге жеткізеді. Және ол батутта секіру спортының пайда болуына ықпал етеді.

Мұзды балмұздақ

Бірде кішкентай Фрэнк Эпперсон көшеде түтік салынған бір стақан сусынын ұмытып кетеді. Келесі күні таңертең ол сусынның тәтті мұзға айналғанын байқайды.

Мұзды балмұздақтың жаппай шығарылуы тек 18 жылдан кейін ғана, яғни ересек Фрэнк дүкен ашқан кезде ғана іске асады.

Көзі көрмейтін жандарға арналған қаріп

Балалар тек тәттілер мен ойыншықтар ойлап тапқан деп ойламаңыз, олардың кейбір туындылары ересектердің маңызды жетістіктерімен бәсекелесе алады. 15 жастағы Луи Брайль соқыр адамдарға оқуға мүмкіндік беретін қаріп жасай алды.

Қатерлі ісік ауруын анықтайтын құрал

Джек Андрака 15 жасында ғана өкпе, аналық без және ұйқы безі қатерлі ісігін анықтаудың ерекше әдісін ойлап тапқан.

Ақпарат көзі: mydiscoveries.ru

Аударған: Баян Әжмұхан

Хабар 24 телеарнасы