Халықаралық рейтинг агенттігі Quacquarelli Symonds (QS) 2021 жылғы әлемнің ең үздік университеттерінің рейтингін жариялады.
Ұсынылған нәтижелер бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 482 позицияға тұрақтады, өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 8 позицияға жоғарылаған. Рейтингке қатысқан Қазақстанның 14 жоғары оқу орнының ішінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 3-орынға ие болды.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 2012 жылдан бастап QS әлемдегі ең беделді университеттер рейтингісіне қатысып келеді және соңғы бес жыл ішінде негізгі көрсеткіштер жақсарған. Ал бұл – білім беру сапасының үнемі жақсарғанының дәлелі және әлемдік білім кеңістігінің жоғары стандарттарына сәйкестігі.