423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Биылғы мамыр ерекше ыстығымен есте қалды

  • 307
  • UPD: 15:56, 09.06.2021
Биылғы мамыр ерекше ыстығымен есте қалды УлПравда

2021 жылдың мамыры ерекше болды: айдың басында Қазақстанның оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр жауып, бірінші онкүндіктің ортасында республиканың басым бөлігінде түнде 5 градусқа дейін үсік жүрді, үшінші онкүндікте еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде ауа температурасы өте жоғары болды.

1 мамырда Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында оңтүстік циклонның атмосфералық фронттарының күшеюімен 36-60 мм шамасында нөсер жауын байқалды, ал Есік метеостанциясында тәулігіне айлық норманың жартысынан көбі - 52 мм (айына норма кезінде 98 мм) құйды.

Бір ай ішінде Қазақстан аумағы Иран мен Орта Азия аумағынан жиі ойысқан жылы ауа массаларының ықпалында болды. Осылайша, елдің көп бөлігінде жылудың шарықтау шегі 22-31 мамырда, өткен жылдың мамыр айындағы рекордтар жаңартылған кезде байқалды. Термометр бағандары ҚР басым бөлігінде  күндізгі уақытта +35+38°С белгісіне жетті, ал оңтүстік өңірлерде тіпті +43,3°С-қа дейін көтерілді. Осы кезеңде солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік аймақтарда ауа температурасының тәуліктік рекорды тіркелді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында 24 мамырда ауа температурасы +34,2°С-қа дейін көтерілді, бұл өткен жылы тіркелген абсолюттік тәуліктік максимумнан 0,3°С-қа жоғары, Петропавл қаласында 25 мамырда ауа температурасы +36,5°С белгісіне жетті, бұл 2020 жылдың мамырындағы абсолюттік тәуліктік максимумнан 1,7°С-қа жоғары, Жезқазған қаласында сол күні ауа температурасы +37,9°С болды, бұл жаңа тәуліктік рекордқа (өткен жылдың мамырында +36,2°С) айналды. Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 27 мамырда ауа температурасы +35,1°С-қа дейін көтерілді, бұл өткен жылдың тәуліктік максимумынан 10,1°С-қа асып түсті. Қызылорда қаласында 31 мамырда ауа температурасы +43,3°С белгісіне жетті, осылайша 2020 жылғы рекорд (+40,2°С) жаңартылды.

Хабар 24 телеарнасы