Кофені қай уақытта ішкен дұрыс

Дәрігер-диетолог Маргарита Королева кофені неліктен тамақтанар алдында немесе одан кейін бірден ішуге болмайтынын түсіндірді, деп деп хабарлайды «Хабар 24» РИА Новостиге сілтеме жасап.

Таңғы асыңызды кофемен ішу дұрыс емес, себебі сергітетін бұл сусын ағзаға тамақпен бірге түсетін қоректік заттардың сіңуіне кедергі келтіреді.

Яғни кофені тамақтанудан бұрын жарты сағат алдында немесе тамақтанып болған соң бір сағаттан кейін ішкен дұрыс. Бұл жағдайда кофенің барлық пайдалы қасиеттері жұмыс істейді, сонымен қатар организмдегі минералды тепе-теңдік бұзылмайды.

«Кофе темір, мырыш, магний және кальций сияқты минералдардың сіңуіне кедергі келтіреді. Бұл минералдар әйелдер мен ерлердің денсаулығы үшін маңызды», - дейді диетолог.

Сондай-ақ...