Балмұздақ туралы қызықты 10 дерек

Балмұздақ - балалар үшін де, ересектер үшін де сүйікті тағам. Алайда ол туралы көптеген қызықты деректердің барына мән бере бермейміз.

Балмұздақтың отаны – Қытай

Балмұздақ 4 мың жыл бұрын ежелгі Қытайда пайда болған деседі. Сол уақытта билеушілерге апельсин, лимон және анар дәндерін мұзға араластырып дайындайтын болған.

Осыған ұқсас салқын десерттер Рим императорының сарайында да танымал болған.

Жыл сайын әлемде шамамен 15 млрд келі балмұздақ желінеді

Бұл 5 мың олимпиадалық жүзу бассейнін толтыруға жеткілікті.

Мұзды балмұздақ далада қалып қойған сусынның арқасында пайда болған

Бірде кішкентай Фрэнк Эпперсон көшеде түтік салынған бір стақан сусынын ұмытып кетеді. Келесі күні таңертең ол сусынның тәтті мұзға айналғанын байқайды. Мұзды балмұздақтың жаппай шығарылуы тек 18 жылдан кейін ғана, яғни ересек Фрэнк дүкен ашқан кезде ғана іске асады.

Балмұздақ дәмін көру үшін мамандар алтын қасықты пайдаланады

Алтынның дәмі және иісі болмағандықтан, дегустатор-мамандар балмұздақты бағалау үшін алтын қасықпен жеген.

Әр үш секунд сайын бір балмұздақ сатылады

Балмұздақтың көп бөлігі жазда демалыс күндері сатылады.

Балмұздақты ең көп жейтін халық

Орташа алғанда, әрбір америкалық жылына 20 келі балмұздақ жейді.

АҚШ-та Ұлттық балмұздақ күні жыл сайын атап өтіледі.

Шілде АҚШ-та Ұлттық балмұздақ айы болып белгіленді, ал үшінші жексенбі - Ұлттық балмұздақ күні. Бұл мерекені 1984 жылы президент Рональд Рейган бекіткен.

Маргарет Тэтчер саясатқа кіріспес бұрын жұмсақ балмұздақ ойлап тапқан

Британияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчер саяси мансабын бастамас бұрын химия саласында жұмыс істеген және жұмсақ балмұздақ рецептерін жасауға қатысқан.

Ең қымбат балмұздақ

Әлемдегі ең қымбат балмұздақ Нью-Йорк мейрамханаларының бірінде ұсынылады. Алтын себілген балмұздақты жеу үшін ақшасын аямайтындар көп.

Бұрыш себілген балмұздақ

Мексикалықтар – ащы тағамдардың жанкүйері. Бұл елде балмұздаққа ащы бұрыш себіледі.

Дайындаған: Баян Әжмұхан