Дәрігер темекіні тастау үшін ыдыс жууға кеңес берді

Дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников темекімен күресте бірнеше қарапайым кеңестермен бөлісті, деп хабарлайды «Хабар 24» doctor.rambler.ru баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігер мұндайда басқа да қолайсыз факторлардан аулақ болу керектігін айтты: мысалы, темекі шегетін адамдардан аулақ болу, стресс, кофе, алкоголь, ащы және тұзды тағамдар. 

Сондай-ақ ол темекімен күресте ыдыс жуу тиімді әдіс екенін атап өтті.

«Тамақ іштің бе, бірден темекіге емес, ыдыс жууға ұмтыл», деп жазады дәрігер.