National Geographic бесінші мұхиттың барын айтты

Біздің ғаламшарымызда төрт емес, бес мұхит бар болып шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Танымал National Geographic телеарнасы осылай деп хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, бесінші мұхит деп Антарктиданы қоршап жатқан суды алуға болады. «Өйткені оның өзіндік ерекшеліктері бар», –  дейді мамандар.

Айта кетейік, «Оңтүстік мұхит» бары жайлы талас көп жылдан бері жалғасып келе жатыр. Бұған дейін зерттеушілер Антарктиданы қоршаған суық суды Тынық, Атлант және Үнді мұхиттарының жалғасы деп санап келген.