Еліміздің 11 өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

Қазақстанның 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 маусымда Алматы облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Сондай-ақ кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Ертең Атырау облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Күндіз 38 градусқа дейін аптап ыстық сақталады. Атырау қаласында күндіз найзағай болып, солтүстік-шығыстан жел соғады. 

14 маусым күндіз және 15 маусымда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 15 маусым күндіз кей жерлерде 35 градус ыстық күтіледі. Жезказған қаласында 14 маусым күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Ақтау қаласында 14 маусым түнде және таңертең найзағай күтіледі. 

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, күндіз 23 метрге жетеді. Күндізгі уақытта аптап ыстық сақталады. Қызылорда қаласында 14 маусым күндіз шаңды дауыл болады, солтүстік-шығыстан жел соғады. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады. Бесқарағай ауданында өрт қаупі жоғары. 

Қостанай облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады. Орал қаласында 14 маусым күндіз найзағай, бұршақ күтіледі, жел шығыстан соғады. 

Павлодар облысының кей жерлерінде солтүстіктен жел соғады. Өте жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласында өрт қаупі өте жоғары. 

14 маусым түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Ақтөбе қаласында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. 

Түркістан облысының тауларында күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 17-22, екпіні секундына 25 метрге жетеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент және Түркістан қалаларында 14 маусымда шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан желдің күшеюі күтіледі.

Сондай-ақ...