423,75 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еуропа чемпионаты туралы қызықты деректер мен дәйектер

  • 549
  • UPD: 16:27, 14.06.2021
Еуропа чемпионаты туралы қызықты деректер мен дәйектер

Футболдан Еуропа чемпионаты – УЕФА басшылығымен өткізілетін ұлттық құрамалар арасындағы негізгі жарыс, деп хабарлайды «Хабар 24».

1960 жылдан бастап жарыс 4 жылда бір рет өткізіліп тұрады.

Басында Еуропа ұлттарының кубогы деп аталып, 1968 жылы Футболдан Еуропа чемпионаты атауына ауыстырылды.

Алғашқы Еуропа чемпионаты 1960 жылы Францияда өткізілді. Франция – Eуропа чемпионатын үш рет өткізген жалғыз ел.

1980 жылға дейін финалдық турнирлерге тек төрт құрама ғана қатысты.

1980 жылға дейін үшінші орын иесін анықтау үшін матч өткізіліп тұрды. 1984 жылдан бастап үшінші орын үшін ойналмайтын болды, жартылай финалда жеңілген екі құрама да қола жүлдегер атана беретін болды.

Мишель Платини мен Роналду – Еуропа чемпионаты тарихындағы ең мықты мергендер.

Еуропа Кубогының алғашқы иегері КСРО құрамасы болды.

2020 жылғы чемпионат пандемияға байланысты 2021 жылға ауыстырылды.

Финалдық ойындағы ең үлкен жеңіс — 2012 жылғы Еуропа чемпионатындағы Испания-Италия матчы (4:0).

Дайындаған: Әжмұхан Баян

Осы тақырыптағы өзге де материалдар:

EURO-2020 алдында Франция құрамасының ойыншылары арасында жанжал туындады

EURO-2020: матч кезінде ес-түзсіз құлаған Эриксен мәлімдеме жасады

«Дәрігерлердің ерлігі тоқтаған жүректі тірілтті» – Дания - Финляндия матчы

Еуро-2020 ойындарында вакциналау төлқұжаты қолданылады

Хабар 24 телеарнасы