Ескерту: Еліміздің бірқатар облысында бұршақ жауып, жел күшейеді

Бүгін Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Алматы және Түркістан облыстарында бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Синоптиктер Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл болады деп болжап отыр. Ал Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында 37 градусқа дейін ыстық болады. Сондықтан бұл өңірлерде өрт қаупі жоғары. Елордадағы ауа райына келсек, күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Желдің екпіні кей жерлерде секундына 20 метрге жетеді.

Сондай-ақ...