Еліміздің он бір өңірінде ауа райы туралы ескерту жарияланды

21 маусымда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20, екпіні 23 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ: таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ: таңертең және күндіз 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 21 маусымда Атырау облысында 39 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Атырау қ.: күндіз 21 маусымда 39 градус қатты ыстық сақталады.

21 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қ: 21 маусымда найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. 21 маусымда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, 22 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 18-23 м/с. 22 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. 

Күндіз 21 маусымда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +38 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

21 маусымда кей жерлерде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан түнде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Көкшетау қаласы: 21 маусымда найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 21 маусымда Ақтөбе облысында кей жерлерінде 36 градусқа дейін қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

21 маусымда облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. 21-22 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қарағанды қ: 21 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. Жезқазған қ: күндіз 21 маусымда солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі.

21 маусымда Шығыс Қазақстан облысында қатты жел тұрып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы секундына 25 метр.

Нұр-Сұлтан қ.: 21 маусымда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Күндіз 21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градус қатты ыстық күтіледі. 21 маусымда Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

21 маусымда Павлодар облысының кей жерлерінде түнде қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с. Павлодар қ.: 21 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түнде 21 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Қостанай қ.: 21 маусымда солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел, күші 15-20 м/с күтіледі.