Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстан бойынша 22-24 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Кезең ішінде Қазақстанның батыс аудандары антициклон жотасының ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады.

Ал республиканың қалған аумағына солтүстік циклон шұңқыры әсер етеді, онда найзағай, бұршақ, екпінді жел, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13, күндіз 12-23 жылы, оңтүстік жартысында түнде 12-22, күндіз 24-35 жылы, батыста түнде 15-25, күндіз 34-42 ыстық болады.