Тамақтан кейінгі серуеннің пайдалы 5 себебі

Дәрігерлер мен диетологтар тамақтан кейін бірден жүру пайдалы деп санайды, деп хабарлайды «Хабар 24» wi-fi.ru сілтеме жасап.

1. Серуендеу ас қорытуды жақсартады

Бауыр және ас қорыту жүйесінің аурулары туралы журналда жарияланған зерттеуге сәйкес, тамақтанғаннан кейін 15 минут баяу серуендеу тамақтың асқазаннан ішекке өту процесін тездетеді.

2. Қандағы қант деңгейі тұрақталады

2018 жылы Nutrients медициналық журналы тамақтан кейін серуендеуге қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады. Алдымен екі тілім нан жеп, содан кейін бірден серуендеуге барғандар, керісінше серуендеп, кейін тамақтанғандарға қарағанда қандағы қант деңгейі төмендеген.

Тамақтанғаннан кейін серуендеу диабетпен ауыратындар үшін де пайдалы, тамақтанғаннан кейін 10 минуттық серуендеу кез-келген уақытта бір жарым сағаттық серуенге қарағанда қант деңгейін төмендетеді.

3. Серуендеу газдың пайда болуын азайтады

Тағы бір зерттеу бойынша серуендеу тітіркенген ішек синдромы бар адамдарға көмектеседі. Зерттеушілердің айтуынша, әдеттегі 4000-ның орнына күніне 9500 қадам жасай бастаған экспериментке қатысушылар аурудың белгілерін 50% жеңілдеткен.

4. Басқа жақсы әдеттерді дамытуға көмектеседі

Журналист Меган Рэббит бір ай бойы түскі астан кейін күн сайын 15 минуттық серуендеуге шығады. Бір аптаның ішінде ол басқа пайдалы әдеттерді дамыту оңай болғанын байқайды, мысалы, аз шарап іше бастаған.

5. Түскі астан кейін серуендеу стресті азайтады

Ғалымдар серуендеу сияқты жеңіл жаттығулар стресті азайтуға көмектесетінін анықтады. 2019 жылғы зерттеу 20 минуттық серуендеу кортизол-стресс гормонын төмендететінін растады.

Сондай-ақ...