Ұлы Отан соғысы туралы қызықты 10 дерек

Ұлы Отан соғысы туралы қызықты 10 дерек
РИА Новости

Ұлы Отан соғысы осыдан тура 80 жыл бұрын 22 маусымда басталған. Тарихтан өз орнын ойып алған оқиға туралы қызықты деректерді бірге қарайық.

1. Берлинге тасталған алғашқы бомбадан бірде-бір адам зардап шекпеген. Бомба хайуанаттар бағының үстіне түсіп, бір піл ғана мертіккен.

2. Ұлы Отан соғысының тарихында екі Гитлер бар. Немістерге қарсы соғысқан кеңестік бір солдаттың тегі де Гитлер болған. Кейін Гитлев болып өзгертілген деген деректер бар.

3. Гитлер Сталинді емес, диктор Юрий Левитанды өзінің жауы деп санаған.

4. Гитлер диктор Левитанның басын алған адамға 250 мың неміс маркасын беруге уәде берген.

5.  Соғыста 60 мыңнан астам ит қызмет еткен.

6. 18 жыл бойы КСРО-да Жеңіс күні тойланған жоқ

7. Кеңес үкіметі неміс тұтқындарына әлдеқайда дұрыс күтім көрсеткен.

8. Ұлы Отан соғысы кезінде кеңестік 667 баланы құтқарып қалған кісінің есімін айтуға тыйым салынған.

9. Адольф Гитлердің Wolf (қасқыр) деген лақап аты болған

10. Соғыс 1418 күнге созылған

Дайындаған: Баян Әжмұхан