424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Алматы-2 – Павлодар» жолаушылар пойызы күнде жүретін болады

  • 172
  • UPD: 11:28, 23.06.2021
«Алматы-2 – Павлодар» жолаушылар пойызы күнде жүретін болады

Ведомствоаралық комиссиясының 16 маусымдағы шешіміне және Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің 22 маусымдағы хаттарына сәйкес №31/32 «Алматы-2 – Павлодар» жолаушылар пойызының жүру жиілігі артады.

Белгіленген күндердің орнына 26 маусымнан бастап пойыз Алматы-2-ден күн сайын жүретін болады.

«Сонымен бірге Дегелең, Семей, Жаңасемей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма, Үшбиік, Аягөз және Ақтоғай станцияларына билеттерді сатуға және отырғызып/түсіруге салынған тыйым сақталады», - делінген ҚТЖ баспасөз хабарламасында.

Хабар 24 телеарнасы