Банктердің басым көпшілігі «Баспана Хит» бағдарламасына өтінімдер қабылдауды аяқтады

Қазақстанда банктердің көпшілігі лимиттің толық игерілуіне байланысты «Баспана Хит» жеңілдікті ипотекалық бағдарламасына өтінімдер қабылдауды тоқтатты.

Бұл туралы бүгін, 23 маусымда ЦентрКредит банкінде хабарланды.

Басқа банктерде жағдай мынадай:

– Jysanbank тек Jysanbank және ATFБанк жалақы жобаларына қатысушылардың өтініштерін қабылдайды (банктер бірігіп жатыр);

– Bank RBK өтінішті тек «Базис-А» нысандарындағы үлестік құрылысқа қатысушылардан қабылдайды.

Ақпарат көзі: krisha.kz