Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік қызметі тоқтатылады.

Жексенбі, 27 маусымда қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

«Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы», - делінген хабарламада.