424,51 504.55 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бұршақ, аптап ыстық, тұман: бірқатар облыста ескерту жарияланды

  • 336
  • UPD: 17:48, 25.06.2021
Бұршақ, аптап ыстық, тұман: бірқатар облыста ескерту жарияланды

Қазгидромет бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланғанын хабарлады.

26 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Петропавл қаласында 26 маусымда түнде және таңертең тұман күтіледі.

26 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

26 маусымда Қарағанды облысының кей жерлерінде жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өрт қауіптілігінің төтенше деңгейі күтіледі.

26-28 маусымда Түркістан облысының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 маусымда күндіз Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

26 маусымда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 38 градусқа қатты ыстық, өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз найзағай болады, солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы