424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада карантин талаптары тағы күшейтілді

  • 739
  • UPD: 23:22, 29.06.2021

Шілденің екісінен бастап, елорда саябақтарындағы аттракциондардың жұмысына тыйым салынады.

Сондай-ақ жабық ғимараттарда мәдени іс-шаралар өткізуге болмайды. Бүгін қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова жаңа қаулыға қол қойды. Онда «Ashyq» жобасына қатысатын мәдени ошақтарда көрермен саны 20%-ке ғана толуы қажеттігі айтылған. Және әр келушінің арасын екі орындық бөліп тұруы керек. Жұмыс уақыты таңғы оннан түнгі 12-ге дейін белгіленуі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы