Жексенбі күні елордада қоғамдық көлік жүре ме

Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.

Жексенбі, 4 шілдеде қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

5,6 шілдеде және жұмыс күндері қоғамдық көлік штаттық режимде жүреді.

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: көліктік карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.