ХХІ ғасырдың соңына қарай адамдар ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретіні айтылды

Вашингтон университетінің мамандары 2100 жылға қарай адамдар ең көп дегенде қанша жыл өмір сүретінін анықтады.

Олардың пікірінше, осы ғасырдың соңында өмір сүрудің ең жоғары ұзақтығы 125-132 жасты құрауы мүмкін.

Ғылыми жұмыс барысында ғалымдар статистикалық модельдеу жүргізді. Оған медицинаның, генетиканың және басқа индикаторлардың дамуы сияқты параметрлер кірді.

Нақтырақ айтсақ, мамандардың пікірінше, 2100 жылға қарай адамдардың 126 жасқа дейін өмір сүру ықтималдығы 89 процент, 128-ге дейін өмір сүру 44 процентке дейін және 130 жыл өмір сүру ықтималдығы 13 процентті құрайды.