46 градусқа дейін ыстық: ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

4-6 шілдеде Қарағанды облысының кей жерлерінде 40-45 градус қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Жезқазғанда 4-5 шілдеде 40 градус қатты ыстық. Қарағандыда 4-5 шілдеде 35-37 градус ыстық болады.

4 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с. 4 шілдеде 35-38 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Петропавлда 4 шілдеде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Күндіз 4 шілдеде 34-36 градус қатты ыстық, өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

4 шілдеде Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, күтіледі. Күндіз кей жерлерде 37 градусқа дейін өте қатты ыстық болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Оралда 4 шілдеде найзағай, бұршақ, күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде құрғақ найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. 4 шілдеде күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 45 градус өте қатты ыстық болады. Өте жоғары өрт кауіпі сақталады. Қызылорда қаласында 4 шілдеде күндіз 45 градус қатты ыстық.

5-7 шілдеде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық, кей жерлерде 46 градус өте қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістан қаласында 5-6 шілдеде күндіз 41-43 градус қатты ыстық, 7 шілдеде 45 градус өте қатты ыстық болады. Шымкент қаласында 6-7 шілдеде күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.

Аптап ыстықтан қалай қорғануға болады – дәрігерлер кеңесі