Тұрғын үй бағасы ең арзан және ең қымбат қалалар аталды

Қазақстанда бірінші жартыжылдықта тұрғын үй бағасы бойынша қалалар рейтингінде өзгерістер болды.

Атап айтқанда, маусым айында өзгерістер алғашқы үштікке енген қалалар арасында болды: Алматы – 500 700 теңге/шаршы метр, Нұр-Сұлтан – 378 580 теңге/шаршы метр, Петропавл – 330 120 тг/шаршы метр.

Осы жылдың мамырына дейін Шымкент үшінші орында тұрды. Қазір ол төртінші орында, тұрғын үйдің бір шаршы метрі 329 900 теңгені құрайды.

Бесінші орынды Өскемен алады, бір шаршы метрдің орташа бағасы  322 620 теңгені құрайды.

Тұрғын үйлері ең арзан Қазақстанның бес қаласы:

Қызылорда, бір шаршы үшін 174 540 теңге.

Ақтөбе, 201 200 теңге.

Тараз, 233 340 теңге.

Ақтау, 252 880 теңге.

Орал, 259 180 теңге.

Ақпарат көзі: krisha.kz